Қазақстандағы Эскофье ізбасарлары қауымдастығының
Наурыздың басында Астанада Қазақстандағы Эскофье ізбасарлары қауымдастығының ресми ашылу салтанаты өтті. Біздің елден жеті аспаз Эскофье ізбасарларының отбасына қосылу құрметіне ие болды. Солардың ішінде қонақ үйіміздің бас аспазшысы Естаулетов Санжар Есімқанұлы бар! Біз әріптесімізбен мақтанамыз!
Айта кету керек, біздің еліміз бұл ұйымға кірген 38-ші мемлекет болмақ. Оның құрамына 10 мың элиталық аспаз кіреді, олардың 80%-ы Мишлен жұлдызының иегерлері.
Огюст Эскофье – аты аңызға айналған француз аспазшысы. Ол артына дүние жүзіндегі кәсіби аспаздар әлі де қуана қолданатын үлкен мұра қалдырды. Әйгілі француз 5000-ға жуық рецепт ойлап тапты, Le Guide Culinaire оқулығын басып шығарды және асхананы басқарудың тәсілдерін жасады.